БІЗ МАҚСАТЫМЫЗҒА ЖЕТЕМІЗ!
Мақсаттарымыз:
- Ауыл шаруашылығы жерлерді ҚР-ның азаматтарына жеке меншікке сатуға түбігейді тыйым салу. Шетелдіктерге жерді сатуға/жалға беруге қатаң тыйым салу.
- Жердің ашық кадастрын орнату. Жерді кім жалдап отыр – бұндай ақпарат ашық болуы тиіс.
- Бос жатқан жерлерді космомониторинг арқылы және цифрлық технологиямен мемлекетке қайтару.
- Әр ауылдың манайындағы 5-20 шақырым радиусында жайылым жерлерін мемлекеттік меншігіне қайтару. Қоғамдық жайылымдарды орнату.
- Жердің бөлу мен беру процесін цифрландыру, ашық қылу. Бұл процеске әкімдер және әкімдердің комиссиялары бұдан былай араласпау керек.
- Субарендаға жол жабу, субарендаторларды жауапкершілікке тарту.
- Банкттердің кепілдіктерінде тұрған жерлерін мемлекеттік меншігіне қайтару.
- ҚР азаматтарына жерді жалға беру тәртібін күшейту. ҚР азаматтығын беру тәртібін қатаңдату.
- Жердің пайдалану құқықтарын жал мерзімдері біткен соң тек ашық конкурс арқылы ұзартуы.
- Басқа жердің проблемалары біздің назарымызда болады: демаркация процесі, әскери полигондар, ормандар, көлдер, өзендер, өндіріс жерлер, 10 сотык жер т.б.
Мақсаттарымызға қалай жетеміз?
Біз Қазақстанның барлық ауылдарының тұрғындарын біріктіреміз, олардың өзара ынтымақтастығын нығайтамыз
Біз осы ауылдардың белсенділерімен байланыс орнатып, ортақ мақсаттарға келісілген түрде қол жеткізетін боламыз
Біз Үкімет пен жергілікті билік тарапынан заңды талаптардың орындалуына қол жеткізетін боламыз